Жаңалықтар

640 шақырымды еңсереді: Škoda жаңа буындағы Peaq кроссоверін таныстырды

25.06.2026 14:55
Мадина Асылбекова
Фото: kolesa.kz

Škoda компаниясы электрлі көліктер желісін жаңа Peaq кроссоверімен толықтырды. Бұл – брендтің бесінші электромобилі.

Ұзындығы 4,9 метр болатын жаңа модель Kodiaq-тан 116 мм ұзын әрі доңғалақ базасы 2,97 метрге дейін ұлғайған, деп жазады kolesa.kz.

kolesa.kz

Peaq дизайны 2022 жылы таныстырылған Vision 7S концептінен шабыт алған. Көлік жіңішке Т-тәрізді жарық шамдарымен жабдықталған. Сонымен қатар бұл – Škoda тарихындағы жасырын есік тұтқалары орнатылған алғашқы сериялық модель.

kolesa.kz

Салонында 13,6 дюймдік тік мультимедиялық экран, ықшам цифрлық аспаптар панелі және проекциялық дисплей бар. Басқару жүйесінің басым бөлігі сенсорлы экран арқылы жүзеге асады. Соған қарамастан, инженерлер климаттық жүйені басқаруға арналған физикалық батырмаларды сақтап қалған.

kolesa.kz

Орталық консольде екі сымсыз қуаттау алаңы мен жылжымалы үстел қарастырылған. Алдыңғы жолаушыға арналған аяқ тіреуіш, орындықтарды жылыту, желдету және массаж функциялары ұсынылады. Ал жоғары жиынтықта 16 динамикті премиум аудиожүйе орнатылған. Сондай-ақ салонда ұсақ заттарға арналған бөлімдердің жалпы көлемі 33 литрді құрайды.

kolesa.kz

Бес орындық нұсқада жүксалғыштың сыйымдылығы 935 литр болса, екінші қатардағы орындықтарды бүктегенде бұл көрсеткіш 2150 литрге дейін ұлғаяды. Бұған қоса, алдыңғы жүксалғыштың көлемі 37 литрді құрайды.

kolesa.kz
kolesa.kz

Жаңа кроссовер MEB+ платформасына негізделген және бір немесе екі электрқозғалтқышпен ұсынылады. Базалық артқы жетекті нұсқасы 204 ат күшін өндірсе, орта деңгейлі модификация 286 ат күшіне ие. Ал толық жетекті ең қуатты нұсқаның қуаты 299 ат күшіне жетеді.

kolesa.kz

Электромобиль 63 немесе 91 кВт·сағ сыйымдылықтағы аккумулятормен жабдықталады. Бір қуаттаумен жүріп өтетін қашықтығы нұсқасына қарай 450 шақырымнан 640 шақырымға дейін жетеді. Сонымен қатар көлік үш қатарлы салонымен, артқы немесе толық жетек жүйесімен ерекшеленеді.

kolesa.kz
kolesa.kz

Оқи отырыңыз