7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген антикоррупциялық мониторинг барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталды, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.
Сарысу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 18 шілдедегі шешімімен «БН Экотехнология» ЖШС-на 49 жыл мерзімге 60 000 га жайылымдық жер уақытша пайдалануға берілді. Бұл ауданның барлық жайылымдық алқаптарының 10,2%-ын құрайды. Алайда бүгінгі күнге дейін «БН Экотехнология» ЖШС мал басын тіркеу жүргізілмеген, демек, жайылымдық жерлер мақсатқа сай пайдаланылмаған.
Осыған байланысты, Департаменттің Жамбыл облысы әкіміне ағымдағы жылғы 28 шілдедегі жер пайдаланушыдан жерді мәжбүрлеп алып қою бойынша шаралар қабылдау туралы хаты негізінде 19 тамызда Сарысу ауданының әкімдігі мемлекетке 60 000 га жерді қайтарды. Учаскенің кадастрлық бағалау құны 336,0 млн теңгені құрайды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?