29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандықтарды шілде айының басында Астана күніне орай қосымша демалыс күні күтіп тұр.
Қазақстан Республикасының «Мерекелер туралы» заңына сәйкес, 6 шілде – Астана күні мемлекеттік мереке болып саналады. 2026 жылы бұл күн дүйсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін азаматтар қатарынан үш күн – 4, 5 және 6 шілдеде демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс 5 және 6 шілдеге белгіленген.
Шілде айында:
* бес күндік жұмыс аптасында – 22 жұмыс күні, 9 демалыс күні;
* алты күндік жұмыс аптасында – 26 жұмыс күні, 5 демалыс күні болады.
ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалай жұмыс істейді?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 6 шілде, дүйсенбі күні барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
Ал 4 шілде, сенбі күні тек кезекші ХҚКО-лар қызмет көрсетеді:
7 шілдеден бастап барлық орталықтар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.
Демалыс күндері мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады
Мереке күндері де көптеген мемлекеттік қызметтерді eGov.kz порталы, eGov Mobile қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің мобильді сервистері арқылы онлайн алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ кеңес алу үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болады.
Айта кетейік, егер қызметкер мереке күні жұмысқа тартылса, оған еңбек заңнамасына сәйкес жоғары мөлшерде ақы төленеді немесе тараптардың келісімі бойынша басқа демалыс күні беріледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек