Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек6 мыңнан астам қазақстандық «банкрот» атануы мүмкін. Бұл туралы Сенаттың кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда бізге 49 мың арыз түсті. Солардың 6 мыңнан астамы өңделіп, оң шешімі қабылданды. Енді 6 айдың ішінде ол азаматтарға «банкрот» мәртебесі берілуі мүмкін. Яғни әзірше бірінші шешім қабылданды, - деп айтты вице-министр.
Оның айтуынша,нақты шешім әлі қабылданған жоқ.Себебі заңнама бойынша 6 ай мерзім өтуі керек. Сондай-ақ 36 мың арыз берушінің арызы кері қайтарылған.
Кей азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмей жатыр. Оның себебі – қарызының мөлшерден жоғары болуы (5,5 млн теңгеден астам – вице-министр), өздерінің активтерінде мүлік немесе автокөлік болуы сияқты сұрақтар туындап жатыр. Бірақ айта кетерлігі, егер біз арызды қайтаратын болсақ, заңнама аясында көрсетілген 3 айдың ішінде қайта арыз бере алады, - деді Ержан Біржанов.
Елімізде «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң 3 наурыздан басталған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?