6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАнтикор бизнеске заңсыз араласу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жыл басынан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша 6 лауазымды тұлғаға қатысты 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оның ішінде 5 іс сотқа жолданды.
Еске салсақ, 2022 жылы Мемлекет басшысы отандық бизнестің қатысуымен өткен кезекті кеңесте құқық қорғау органдарына бизнесті қорғау саласында бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын.
Агенттік бұл тапсырманы 3 негізгі бағыт бойынша іске асырады:
- «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде бизнес субъектілеріне құқықтық көмек көрсету;
- кәсіпкерлердің өтініштерін сапалы және уақтылы қарау;
- адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға негізсіз тартудан қорғау.
Ол үшін агенттік ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеудің аумақтық департаменттерінің келісуін және бизнеске қатысты жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізуді көздейтін алгоритмді әзірленіпп қолданылуда.
Бұл алгоритмді қолдану кәсіпкерлерді 900-ден астам тергеу әрекетінен қорғады. Бұл кәсіпкерлердің 9 айдан астам жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді. Бизнесті қорғау жұмыстары жалғасады делінген агенттіктің мәліметінде.
Оқи отырыңыз:
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі