Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыЕліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с жел тұрып, 1-3 градус үсік жүреді.
Жетісу облысының Алакөл көлдерінде оңтүстік-шығыстан екпіні 29 м/с жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік, батыстан соғатын желдің күші облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/c, күндіз таулы аймақтарда екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте күндіз шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді