29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 5 маусым Республикалық Референдум күні Нұр-Сұлтан қаласында ел көлеміндегі ең ауқымды «Референдум» онлайн марафонын ұйымдастырады, деп хабарлайды El.kz
Қазақстандық медиа кеңістігіндегі тұңғыш саяси шара таңғы сағат 09:00-ден бастап түнгі 01:00-ге дейін жалғасады және отандық БАҚ-тардың интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшаларында онлайн-трансляцияланады.
Онлайн марафонның негізгі мақсаты – референдум барысынан жедел ақпараттар беру, қоғамның түрлі топтарына саяси пікірталас алаңын ұсыну, дауыс берудің алдын ала қорытындысын ашық талқылау. Марафон барысында әр саланың өкілдері және эксперттердің қатысуымен брифингтер, дауыс беру барысы туралы еліміздің барлық өңірінен тікелей қосылымдар, дискуссия алаңдары ұйымдастырылады.
Дискуссия алаңындағы талқылаулар республикалық теле және радиоарналардан тікелей эфирде беріледі.
Шараға депутаттар, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, әр саладағы белсенді жастар мен мәдениет, спорт саласының өкілдері және журналистер қатысады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек