Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада 55 жастағы бастауыш сынып мұғалімі, әлем чемпионы Айгүл Ержанова салмағы 13,5 тонналық автобусты сүйреп, әлем рекордын жаңартты.
Көпті таңғалдырған ерекше оқиға Астанадағы №1 автопаркте өткізілді.
Іс-шараға БАҚ өкілдері мен автопарк қызметкерлері, Азия мен Африка бойынша GLOBAL BEST RECORDS (GBR) ұйымының бас тіркеу офицері Қуандық Құдайбергенов қатысты.
Ол алдымен автобустың, таңдалған орынның талаптарға сай келетініне әбден көз жеткізіп, рәсімді өткізуге рұқсатын берді. Әлем чемпионы кезекті рекорд орнату рәсіміне үлкен дайындықпен келген.
Ауыр атлет автобусты сүйреуді сағат 09:49-да бастап, 09:50- да аяқтады, яғни небәрі 1 минутта 10 метрден аса қашықтықты бағындырды.
Шараға куә болғандар бұған ерекше таңғалып, мұның үлкен ерлік екенін айтуда. GVR-дан келген ресми өкіл Қуандық Шыңғысұлы Айгүл Ержановаға ұйымның алтын медалын табыстады.
Айта кетейік, балуан ұстаз қаладағы №50 мектепте сабақ береді, ол Президент Қ.Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатын иеленген.
Сондай-ақ спортқа аяқ басқан алғашқы 1,5 жылдың ішінде ауыр атлетикадан 45 медаль, 8 рекорд орнатып, ауыр жүк көліктерін сүйреп рекордтар кітабына енген.
Іс-шара Айгүл Ержанованы қоғамға үлгі ету, насихаттау, спортты қолдау аясында «№1 Автобус паркі» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткізілді. Шараға келгендер арманға қол созу ешқашан кеш еместігіне, шектеудің тек мида екеніне тағы бір мәрте көз жеткізгендерін атап өтті.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар