18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, биыл қаңтар-сәуір айларында елімізде 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келді.
Бюроның мәліметіне сүйенсек, егіз саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда 263 егіз туған. Одан кейін Алматы қаласы (245) мен Алматы облысы (175) үштікке кіреді.
Ал үшем бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алдыңғы қатарда тұр. Әр өңірде үш үшемнен дүниеге келіп, жалпы саны тоғыз нәресте туған.
Төрт айда 100 мыңға жуық сәби туған
Жалпы алғанда, 2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 99,4 мың бала дүниеге келген. Туу көрсеткіші ең жоғары өңірлер қатарында Түркістан облысы, Шымкент қаласы және Маңғыстау облысы бар.
Атап айтқанда, Түркістан облысында әр мың тұрғынға шаққандағы туу көрсеткіші 19,75 болса, Шымкентте бұл көрсеткіш 19,39-ды құрады. Маңғыстау облысында 19,28 деңгейінде тіркелді.
Сарапшылар бұл өңірлерде халық санының қарқынды өсуі мен жас отбасылардың үлесінің жоғары болуы туу көрсеткішіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі екенін айтады.
Үшемдерді аман алып қалу үшін дәрігерлер күресуде
Биыл еліміздің дәрігерлері бірнеше күрделі көпұрықты жүктілікті сәтті аяқтап, сәбилердің өмірін сақтап қалды.
Мәселен, Алматы қаласындағы №2 қалалық перинаталдық орталық мамандары жүктіліктің 35-аптасында ауыр жағдайда дүниеге келген үшемдерді аман алып қалды. Нәрестелердің туған кездегі салмағы небәрі 1 390 грамнан 1 690 грамға дейін болған. Сәбилер бір ай бойы дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті ем қабылдағаннан кейін үйлеріне шығарылды.
Ал 2026 жылғы алғашқы үшем Қызылорда облысында дүниеге келді. Анасы жүктіліктің 32-аптасында босанған. Сәбилердің әрқайсысының салмағы өте төмен болғандықтан, дәрігерлер екі ай бойы олардың өмірі үшін күресті. Кейін нәрестелердің жағдайы тұрақтанып, ата-анасына табысталды.
Егіздерді тікұшақпен жеткізген
Көпұрықты жүктіліктен туған нәрестелерге медициналық көмекті дер кезінде көрсету маңызды. Осыған байланысты биыл Павлодар облысында дүниеге келген егіздер шұғыл түрде санитарлық авиация арқылы мамандандырылған медициналық мекемеге жеткізілді.
Тікұшақ бортында дәрігерлер бригадасы балалардың жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отырған. Ұшу сәтті өтіп, нәрестелер білікті мамандардың қарауына берілген.
Дәрігерлердің айтуынша, шала туған немесе салмағы төмен балаларға алғашқы күндері көрсетілетін медициналық көмек олардың әрі қарайғы дамуы үшін шешуші рөл атқарады.
Егіз бен үшемге мемлекет қандай көмек береді?
Қазақстанда егіздер мен үшемдерге байланысты арнайы жәрдемақы түрлері жоқ. Елімізде жәрдемақы бала санына қарай төленеді.
Сондай-ақ егіз не үшем туса, емханадан міндетті түрде патронаж жіберіледі. Әсіресе олар мерзімінен бұрын туылса немесе салмағы аз болса, оларға дәрігер мен патронаж медбике тарапынан ерекше бақылау жасалады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр