Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша 35 жастағы рецидивист пен оның 36 жастағы серігіне қатысты іс қозғалды. Олар жалған құжат жасау және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ұялы байланыс операторлары ның бірінің 10 миллион теңгеден астам мүлкін заңсыз иемденіп алған. Олардың алдау жоспары 2021 жылдың желтоқсан айында жасалады. Жалған жеке куәлік арқылы еліміздің әр өңірінен несиеге ұялы телефон сатып алған. Сонымен қатар, олар мобильді құрылғылардың белгілі бір үлгілерін сату үшін арнайы науқандарды пайдаланады. Тергеудің осы кезеңінде 54 алаяқтық дерегі анықталды», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Ғалым Қасымбаев.
Осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін 35 жастағы М. есімді күдікті бұрын да бірнеше рет сотталған. Қазір ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі, 28-бабы 5-бөлігі, 385-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген қылмыстық іс сотқа жолданды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс