Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКонго Демократиялық Республикасында жарғанат етін жеген 53 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Конго Демократиялық Республикасында жарғанат етін жеуден кейін 53 адамның көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Жергілікті денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, бұл оқиға шалғай ауылдарда орын алған. Қазіргі уақытта аурудың себебі анықталу үстінде.
Оқиғаға байланысты тіркелген негізгі белгілер мыналар: қызу көтерілуі, құсу және мұрыннан қан кету. Бұл белгілер байқалғаннан кейін екі тәулік ішінде науқастардың көпшілігі қайтыс болған. Бұған қоса, бес жасқа толмаған үш бала да осы аурудан көз жұмған.
Дәрігерлердің алдын ала болжамы бойынша, тұрғындар өлген жарғанат етін тұтынған болуы мүмкін. Қазіргі таңда мамандар тұрғындардың жаппай улануының нақты себебін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?