1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЖетісу облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Талдықорған қалалық соты облыс бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А. Сағымбековке және «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басқарма төрағасы А. Күзембаевқа қатысты үкім шығарды. Лауазымды тұлға пара алғаны үшін, ал квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы – 2025 жылға арналған өңір халқы үшін электр энергиясын тасымалдау тарифінің көрінеу жоғары құнын бекіткені үшін 500 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды, - делінген Антикор мәлімдемесінде.
Сағымбеков пен Күзембаевқа тиісінше 15 млн теңге және 10 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?