7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 500-ге жуық шетелдік көлікті заңсыз тіркегендерді анықтады, деп хабарлайды El.kz Антикордың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы – «Т.»-ның және Алматы облысы бойынша ДПП Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталған. Аталған тұлғалар жүйелі негізде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке көзделген басқа да төлемдерді төлемей, жүйелі түрде ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген.«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін мемлекеттік тіркеуден өткен көлік құралдарын тіркеу кезінде заңсыз баюдың қылмыстық схемасын әшкерелеп, жолын кесті», - делінген хабарламада.
Күдіктілер 14 тамызында тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.
«Тергеудің осы кезеңінде республика бойынша көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталып, осыған байланысты Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің және басқа өңірлерден полиция қызметкерлерінің қатысуы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген Антикор таратқан хабарламада.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?