23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Үндістандағы жеке клиникада 25 жастағы санитар Қазақстаннан барған 50 жастағы әйелге сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Times of India басылымына сілтеме жасап.
Үндістанның Гургаон қаласының аудандық прокуратурасы аталған іске қатысты тергеу жұмыстарын бастады.
Раджастханның Тиджара қаласынан шыққан Такур Сингх есімді айыпталушы ауруханада санитар болып жұмыс істеген. Полицияның мәліметінше, қазақстандық науқас 12 шілдеде қызымен бірге Үндістанға келген. Жексенбіде әйелге операция жасалғаннан кейін, палатаға ауыстырылған. Такур жөргекті ауыстыру кезінде әйелге қол жүгірткен болуы мүмкін.
Бірақ сол күні айыпталушы оған бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Бұл туралы әйел қызына мәлімдеген. Оқиға орнына полиция шақырылған.
Науқастың қызы берген шағым негізінде сол күні зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 шілдеде санитар Такур Сингх қамауға алынды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік