20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісЕуропалық ғалымдардың жаңа зерттеуі 50 жасқа дейінгі адамдар арасында инсульт қаупін екі есеге дейін арттыратын ерекше факторларды анықтады. Зерттеу нәтижелері Stroke журналында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеу барысында мыңнан астам адамның деректері талданған. Олардың жартысы себебі анықталмаған ишемиялық инсультті бастан өткерген. Ғалымдар классикалық қауіп факторларынан (жоғары қан қысымы, холестерин) бөлек, мигрен, венадағы тромбтар, бауыр мен бүйрек аурулары, онкологиялық аурулар, жүктілік кезіндегі асқынулар және қант диабеті сияқты өзге де факторлардың инсультке тікелей әсер ететінін дәлелдеген.
Зерттеудің ерекше нәтижесі — әйелдерде инсульт қаупіне әсер ететін бейстандарт факторлардың ықпалы ерлерге қарағанда әлдеқайда жоғары екені анықталды. Әсіресе, жүрек қабырғасында туабітті ақауы бар адамдарда (ашық сопақ терезе) бұл қауіп айтарлықтай жоғарылайды.
Жас адамдар арасындағы ишемиялық инсульттің жартысына жуығы нақты түсіндірілмеген. Бұл жағдайлардың көпшілігі әйелдерде кездеседі. Сондықтан дәрігерлер пациенттің денсаулығын бағалағанда тек стандартты сұрақтармен шектелмей, жан-жақты жеке зерттеу жүргізуі тиіс. Әсіресе, инсульттен кейінгі кезеңде қайталануын болдырмау үшін толық диагностика маңызды, — деп атап зерттеу авторы, Хельсинки университетінің профессоры Юкка Путаала.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?