Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЖүргізіліп жатқан кадр саясатын жаңғырту және медициналық көмектің сапасын арттыру шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі біліктілік деңгейлерін бере отырып, денсаулық сақтау мамандарын сертификаттаудың жаңа жүйесін енгізді, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, бүгінде 50 мыңға жуық маман, соның ішінде 20 000-нан астам дәрігер, орта медициналық персоналдың 30 000-ға жуық өкілі біліктілік деңгейін бере отырып сертификаттаудан өттіүБұл туралы министр орынбасары ОКҚ брифингінде айтты.
Аашықтықты арттыруға, мамандарға әкімшілік жәнеқаржылық жүктемені азайтуға бағытталған біліктілік санаттарын беру тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Медицина қызметкерлерінің мынадай санаттары білімдібағалау және кейс-тестілеу кезеңдерінен өтуден босатылады:
* біліктілік санатының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткен адамдар;
* мерзімсіз санатты қайта ресімдейтін медицина қызметкерлері;
* қолданыстағы біліктілік деңгейін растайтын мамандар.
Техникалық және кәсіптік білімі бар, сондай-ақ «Мейіргерісі» мамандығы бойынша кейінгі орта немесе жоғары білімалған мамандар үшін бұрын берілген біліктілік деңгейісақталады. Бұл жұмыс өтілін ескере отырып қамтамасыз етіледі және баламалы біліктілік санатына сәйкес келеді.
Министрлік мамандарды қолдау үшін мынадай шаралар қабылдады:
* қанағаттанарлықсыз нәтиже алған жағдайда емтиханды бірінші рет қайта тапсырған кезде төлемнен босату;
* мейіргерлер үшін біліктілікті бағалау құнын төмендету — 21 000 теңгеден 17 000 теңгеге дейін.
Сертификаттаудың жаңа жүйесін енгізу медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға, үздіксіз кәсібидамуды қолдауға және халық үшін медициналық көмектіңсапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды