6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 49,7 мың қазақстандық қатысты. 46,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 16,6 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 30,3 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 1,3 мың адам, жастар практикасында 921 адам, қоғамдық жұмыстарда 25,9 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 2,2 мың адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 8,3 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 7,6 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 2,8 мың адам қамтылды, оның ішінде 1,3 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 31 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 572 800 теңге) мөлшерде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі