Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыПәкістанда өтіп жатқан "Электронды коммерция арқылы логистика мен бизнеске қол жеткізу" халықаралық саммиті аясында Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің электрондық және биржалық сауда департаментінің директоры Ғалия-Бану Мейірбаева цифрлық сауда саласында қол жеткен негізгі нәтижелерді көрсететін презентация ұсынып, атқарылған жұмыс пен жоспарлар туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық тарап цифрлық сауданы дамыту экономиканы жаңғыртуға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және өңірлік интеграцияны күшейтуге бағытталған стратегиялық басымдық екенін атап өтті. Жасанды интеллект пен виртуалды ассистенттерді қоса алғанда, цифрлық шешімдерді енгізу сыртқы сауда операцияларының тиімділігін айтарлықтай арттыруға және клиенттік сервистің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретіні атап өтті.
Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Қазақстан e-commerce секторында айтарлықтай өсім көрсетті. Соңғы бес жылда электронды сауда көлемі жеті есеге ұлғайып, 3,2 трлн теңгеге жетті, бұл бөлшек сауданың барлық көлемінің 14,1% құрайды.
Саланың әрі қарай өсу әлеуеті зор. Бізде жоғары цифрлық қолжетімділік, дамыған финтех-инфрақұрылым және 8 миллионнан астам белсенді пайдаланушылар, яғни жастар бар. Біз 5 жылдан кейін әрбір бесінші сатып алу онлайн режимінде жүзеге асырылады деп жоспарлап отырмыз. Ол үшін биылғы жылдың наурыз айында электронды сауданы дамыту жоспары бекітілді. Басымдықтардың қатарында заңнаманы жетілдіру, халық үшін білім беру бастамаларын іске қосу, кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдау шараларын енгізу және заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамыту бар, - деді Ғалия-Бану Мейірбаева.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Спикер өз сөзінде Қазақстанның халықаралық алаңдарда - ДСҰ, БҰҰ, ШЫҰ, ЕАЭО - трансшекаралық сауданы оңайлату және қолайлы цифрлық орта құру бағытындағы белсенді жұмысын атап өтті. Осы тұрғыда ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Пәкістан ИР Коммерция министрлігі арасындағы электрондық сауда саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы 2025 жылғы сәуірде қол қойылған меморандум ерекше атап өтілді, бұл екіжақты стратегиялық әріптестікті нығайтуға жасалған маңызды қадам болды.
Қазақстан саммит шеңберінде тәжірибе алмасу және бірлескен шешімдер әзірлеу неғұрлым орнықты, инклюзивті және өзара байланысты өңірлік сауда архитектурасын қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді. Қазақстан Сауда және интеграция министрлігі экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында ашықтыққа, технологиялық прогреске және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін растады.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды