23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ауыл тұрғындарының табысын арттырудың пилоттық жобасына 52 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Сенат қабырғасындағы «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбындағы Парламенттік тыңдауда осындай мәліметі айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Халықтың жұмыспен қамтылу құрылымына қарасақ, 5 миллионға жуық адам, яғни еңбекке жарамды санаттың жартысы өнімділігі төмен еңбекте жүр. Халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін шешімдердің бірі микро және шағын кәсіпкерлікті дамыту болып есептеледі», - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Сенат төрағасы шағын бизнес бүгінде ірі қалаларда ғана шоғырланғанын еске салды.
«Ауыл тұрғындарының бизнесті дамыту мүмкіндігі шектеулі. Осы жағдайды өзгертудің тиімді құралдары мен әдістері қажет. Айта кету керек, Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Алғашқы нәтижелері үміт ұялатады. Бүгінгі таңда бұл тәсілді республикалық деңгейде масштабтау мәселесі қарастырылуда. Бұл мақсаттарға 2023 жылы еліміздің барлық өңірлері үшін 52 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл 11 мың шағын несие беруге мүмкіндік береді. Сенаторлар осы бағдарламаның тиімділігіне мониторинг жүргізеді», - деді Мәулен Әшімбаев.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік