Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТөтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны бойынша ахуалды баяндады, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 20 үйден су сору жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұдан бөлек ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. СҚО-ның Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 184 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, - деді Асқар Шәріп.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс ауылында Торғай өзені су деңгейінің біртіндеп көтерілуіне байланысты ұзындығы 2,5 км бөгет тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. 30 мыңнан астам қапшық пен 19 мың тоннадан астам инертті материал төселді. Су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізілуде. Жағдай ерекше бақылауда.
Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан су сорылды. 49 945 адам өз үйлеріне оралды.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова