Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБатыс Қазақстан облысында полицейлер кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Белгілі болғандай, күдіктілер 2024 жылдың қараша айынан 2025 жылдың 13 маусымына дейінгі аралықта күдіктілер қыстақтар маңындағы еркін жайылымнан 49 бас ірі қара малды ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 20 миллион теңгені құрайды. Олардың мал ұрлығымен байланысты төрт дерекке қатысы бар екені анықталды. Аталған факті бойынша төрт күдікті ұсталды. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетсек, Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мал ұрлығына қарсы күреске бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Биыл жеті айда республика аумағында мал ұрлығымен айналысқан 55 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Соңғы бес жылда бұл қылмыс түрінің деңгейі 59,2%-ға төмендеген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?