Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Петиция 50 мың дауыс жинаған кезде біз арнайы жұмыс тобын құрамыз. Мемлекеттік органдармен, сарапшылармен бірлесіп қарастыратын боламыз, - деді Жұманғарин.
БАҚ өкілі «уақыт белдеуінің өзгеруі шын мәнінде мүмкін бе?» деп нақтылады.
Ең алдымен петицияның 50 мың дауыс жинағанын күтейік. Сол кезде жұмысты бастаймыз, - деп түсіндірді вице-премьер.
Айта кетейік, Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петицияға 45 мыңнан астам қол жиналды. 50 мың дауыс жиналса, Үкімет петицияны қарауы керек.
2024 жылдың 22 сәуірінде мемлекеттік Epetition.kz сайтында «уақыт белдеуін қайтару» туралы петиция пайда болды. 1,5 айда оған 45 644 адам қол қойған.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік