Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖелтоқсанда ұжымдық кештерге байланысты танымал қазақстандық әртістердің кестесі бірнеше апта бұрын толып қалады. Forbes Kazakhstan жаңа жылдық корпоративтерге арналған жұлдыздардың жаңартылған сыйақыларын жариялады. Биыл көптеген өнерпаздар бағасын көтерген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мақпал Исабекованың бір кеште өнер көрсету құны 25 желтоқсанға дейін – 3 млн теңге, мереке күндері 4-5 млн теңгеге дейін өседі. Бұл сомаға жол шығыны кірмейді.
Айқын Төлепберген – 3 млн теңге, ал Luina – 4 млн теңге. Kalifarniya мен Мирас Жүгінісовтің сыйақысы – 5 млн теңгеден.
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жаңа жылда да, басқа уақытта да 5,2 млн теңгемен өнер көрсетеді. Жас әнші Dequine тобы және бэндпен бірге – 5,9 млн теңге.
Кайрат Нұртас корпоративке 6 млн теңгеге шығады, RaiM да дәл осы бағаны сұрайды. Ал оның жұбайы Ерке Есмаханның сыйақысы – 8 млн теңге.
Жастар сүйетін Sadraddinn бір кешке 11 млн теңге сұрайды.
Ең қымбат өнерпаздардың бірі – «Ирина Кайратовна». Топтың гонорары 70 мың доллар (шамамен 36,5 млн теңге), оған қоса команданың жол және тұру шығындары үшін тағы 8 млн теңге қажет.
Ал Димаш Құдайберген жеке іс-шараларға өте сирек келіседі. Оның гонорары 45 млн теңгеден басталады және әр тапсырыс жеке қаралады.
Қалта көтереді деген нұсқалар да бар: Қайрат Түнтеков – 500 мың теңгеден, Бейбіт Қорған – 1 млн теңге, Маржан Арапбаева мен Мадина Сәдуақасова – 1,5 млн теңге алады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары