23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, 29-30 қарашада елдің шығыс аймақтарына суық солтүстік антициклон әсер етіп, аяз сақталады.
«Қазақстанның қалған аумағында аяз бәсеңдейді деп күтіліп отыр. 30 қараша – 1 желтоқсан аралығында елдің басым бөлігінде жауын-шашын әкелетін оңтүстік циклон күшеюі ықтимал, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады, ауа температурасы көтеріледі. Республика бойынша желдің күшейіп, тұман түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта боран болады деп күтілуде.
Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік өңірлерде 15-25 градус аяз, елдің орталығында 5-20 градус аяз, республиканың шығысында 33-43 градус аяз, кезеңнің соңында 20-30 градусқа дейін аяз сақталады. Оңтүстікте 7 градус аяз бен 3 градус жылының арасында, оңтүстік-шығыста 5-15 градустан 0-8 градус аязға дейін болады», - делінген хабарламада.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік