22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстана мен Алматыда демалыс күндері аптап ыстық болады.
«Қазгидромет» синоптиктері 30 мамыр мен 1 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Мамандар мәліметінше, алдағы күндері Астана мен Алматыда күн айтарлықтай жылынып, кей өңірлерде аптап ыстық күтіледі.
Астанада күн 33 градусқа дейін ысиды
30 мамырда елордада күн бұлтты болады, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +13...+15 градус болса, күндіз +30...+32 градусқа дейін көтеріледі.
31 мамырда да жауын-шашынсыз, құбылмалы ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 5-10 метр болады. Түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус ыстық күтіледі.
1 маусымда елордада күн райы өзгереді. Құбылмалы бұлтты болып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік бағытқа ауысады. Оның жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +28...+30 градус шамасында болады.
Алматыда аптап ыстық күшейеді
30 мамырда Алматыда жауын-шашынсыз, құбылмалы ауа райы болжанып отыр. Шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде +15...+17 градус, күндіз +29...+31 градус жылы болады.
31 мамырда мегаполисте күн одан әрі ысиды. Ауа температурасы түнде +17...+19 градусқа, ал күндіз +31...+33 градусқа дейін көтеріледі. Жел шығыс бағытынан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады.
Жаздың алғашқы күні – 1 маусымда Алматыда аптап ыстық күтіледі. Бұлтты болғанымен, жауын-шашын болмайды. Шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +20...+22 градус болса, күндіз +33...+35 градусқа дейін көтеріледі.
Қазақстанда жаз 40 градусқа дейінгі ыстықпен басталуы мүмкін
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы қалыптасатынын хабарлаған болатын. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Сонымен қатар республика аумағының басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, кей өңірлерде 40 градусқа дейін жететін қатты ыстық болуы мүмкін.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев