Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады«Қазгидромет» 22 ақпанда Қазақстанның сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күндіз Қарағанды облысының батысында және оңтүстігінде бұрқасын болады.
Шығыс Қазақстан облысында және Өскеменде түнде -40 градус қатты аяз сақталады.
Түнде Абай ауданында -40 градусқа дейін қатты аяз сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады. Жезқазғанда қарлы боран соғады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында көктайғақ, тұман болады. Ақтауда түнде көктайғақ болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы асуларында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең тұман болады.
Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде -27 градус аяз болады. Алакөл ауданында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады. Қызылордада кей жерлерде тұман түседі.
Бұған дейін Алматы облысындағы Іле өзенінде су деңгейі күрт көтерілгені хабарланған еді.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді