Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ мәліметтері бойынша, қолайсыз ауа райы жағдайларына, қатты желге және көрінудің шектелуіне байланысты 4 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облысы:
10 қараша сағат 18:30-да Павлодар облысында Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Омбы-Майқапшағай" автожолының 427-587 шақырым аралығында (Кенжекөл ауылы - Абай облысының шекарасы) жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Солтүстік Қазақстан облысы:
10 қараша сағат 19:00-де СҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты "Мамлютка-Қостанай" автожолының 0-180 шақырым аралығында (Мамлютка қ. - Қостанай облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Қостанай облысы:
0 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында СҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты "Мамлютка-Қостанай" автожолының 180-250 шақырым аралығында (СҚО шекарасы - Ұзынкөл ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Абай облысы:
10 қарашада сағат 17:30-да Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты “Омбы-Майқапшағай” автожолының 910-1002 шақырым аралығында (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылады
Жабылған жолдарды 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Осы ретте ТЖМ дауылды ескертулер мен ауа-райының нашарлауы кезінде төмендегі ескертулерді назарға алуды сұрайды:
- алыс сапарлардан аулақ болу;
- ауылдық жерлердің тұрғындары ұзақ жаяу сапарлардан бас тарту;
- елдімекендерден тыс жерлерге шықпау;
- жол жабылатын жерлерде көлік құралдарын жинамау;
- мүмкін болса, елдімекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болу.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз!
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес