Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПавлодарда жергілікті тұрғын 2017 жылғы алимент төлеу туралы сот шешімін орындамай, кәмелетке толмаған баласын асырауға 4 миллион теңгеден астам қарыз болған. Полиция ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал Ертіс ауданының тұрғыны 2021 жылдан бастап алимент төлемей жүрген. Кәмелет жасына толмаған екі баласына әкесі 2 миллион теңгеден астам қарыз болған. Осы факті бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы алимент төлеуден жалтарып жүрген 296 адам іздеу жарияланып, 35 әкенің автокөлігі анықталған.
Айта кету керек, алимент бойынша борышкерлердің көлік құралдары туралы мәліметтер "Автоағын" және "Қорғау" автоматтандырылған жүйелеріне енгізілуде.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары