22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҰйқыға батпас бұрын барлық уайым-қайғылардан арылу керек . Ойларыңызды тазалап,қиындықтар жайлы ұмытыңыз. Оларды ертеңге қалдырыңыз. Әркім өзінше демалады: әуен тыңдаңыз, жаныңызға жақындар жайлы ойланыңыз.
Ұйқыға бірнеше сағат қалғанға дейін тамақтанбау . Ағзаның күшін тамақты қортуға кетірмеңіз, сондай-ақ бұл артық салмақ жинамаудың бірден-бір жолы.
Ұйқыға арналған арнайы аксессуарларды қолдану. Хош иісті шөптерден тігілген жастық, көз жабатын байлауыштар ұйқыңыздың сапалы болуына көмектеседі.
Ұйықтар алдында жылы душ қабылдау. Бұл жай жуынудың ғана амалы емес, суға түсу арқылы күні бойы жиналған эмоцияларды жуып, ұйқыға артық ойларсыз жатасыз.
Жылы көрпемен жамылу. Адам жылыда суыққа қарағанда жақсырақ ұйқысы қанады.
Аз ұйықтап үйрену. Дені сау адам өзін 5 сағаттық ұйқыға үйрете алады екен. Ол үшін белгілі бір уақыт бойы аз ұйықтап, ерте тұруға дағдылану керек.
"Ұйқы күні". Аптасына бір күнде жақсылап ұйқыны қандырып алыңыз. Әрине ол 12 сағаттық ұйқы емес, 8-10 сағат болсын. Осы күні ұйқыңызды әбден қандырып, демалыңыз.
Түнгі сағат 12-ге дейін ұйқыға жатып үлгеріңіз. Осы уақытта адам ағзасы ұйқыға дайын болады. Тез ұйықтап, ұйқыңызды қандырып, ерте ояна аласыз. Ғалымдардың айтуынша, 12-ге дейінгі 1 сағат ұйқы 12-ден кейінгі 2 сағатқа тең.
Ұйқыға дұрыс ниеттеніп, ұйықтайтын жеріңізді жайғастыру арқылы тез уақытта ұйқыны қандырып үйрене аласыз.
Бірақ, бес саусақ бірдей емес. Кей адамдарға, ұйқыны қандыру үшін 10 сағат қажет болса, кейбіріне 8 немесе 6 сағат ұйықтау жеткілікті.
Мысалы, медицина Академиясының ғалымдары жүздеген еріктілердің қатысуымен ауқымды зерттеу жүргізді. Тәжірибе барысында қатысушыларды жартылай немесе толықтай ұйқыларын қандырмай ұстады.
Белгілі болғандай, кейбіріне зейінін жоғалтпай, еңбекке қабілеттілігін жоғары деңгейде ұстап тұру үшін 4-5 сағат ұйқы жеткілікті болды. Бар мәселе BHLHE41 генінде болып шықты. Мутацияға ұшырау арқылы, ол баяу ұйқы кезеңін ұзартады, ал сол уақытта мидың еңбекке қабілеттілігі қайта қалпына келіп үлгереді.
Бойында осы ген бар адамдар денсаулығына зиян келтіріп алмай шамамен 5 сағат қана ұйықтап, толыққанды өмір сүре алады екен.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев