Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстан территориясының басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Фронттар солтүстіктен оңтүстікке ауыса отырып, жаңбыр жауғызады, салдарынан найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
Күндіз орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.
Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде антициклон сілемі бар жерлерде жауын-шашын тоқтайды.
Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.
Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында аспанда көшпелі бұлт жөңкіледі, жауын-шашын жоқ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +29+31°С болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 8-13, екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С болады.Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова