Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкентте 2 әйел тұрғындарды 395 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына Шымкент қаласының 121 тұрғыны арызданып, онда 2 әйелдің мемлекет тарапынан төмен пайызбен пәтер алып береміз деп жалпы 395 млн теңге қаражаттарын алаяқтық жолмен жымқырғандарын көрсеткен.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Прокуратура органы қылмыстық іс бойынша тергеу органына жеткілікті мән-жайларды жан-жақты толық және заңда көзделген барлық шараларды қолдану мақсатында жазбаша нұсқау берді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде кінәлілер анықталып, олар Қылмыстық кодексте көзделген 10 жылға дейінгі бас бостандығын айыратын ауыр санаттағы қылмысты жасағаны үшін сотқа жолданды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар