Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқмола облыстық балалар ауруханасының хирургтары төрт жасар баланы құтқару үшін бес сағатқа жуық ота жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2 қаңтарда Зеренді ауданының кішкентай тұрғыны қатты құсу және іштің ауырсынуына шағымданып, шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Рентген оның ішегінде бөгде зат бар екенін көрсеткен.
Анасының айтуынша, 31 желтоқсанда ол баласының аузынан бірнеше магнитті шариктерді алып шыққан. Бірақ сол кезде бала әлдеқайда көп шарикті жұтып қойғаны белгілі болды. Бір рет құсу ата-анасын алаңдатпаған, олар бала шамадан тыс тамақтанып қойды деп ойлаған. Алайда баланың жағдайы нашарлап, оны тек үшінші күні ауруханаға алып келгені айтылды.
Баланы тез арада тексеріп, шұғыл операцияға дайындау үшін реанимацияға жатқыздық. Өйткені уақыт өтіп кеткендіктен, бөгде заттар тоқ және аш ішекке тарап кеткен. Операцияны біздің тәжірибелі дәрігеріміз, бөлім меңгерушісі Ернар Қожабеков жүргізді, ал мен ассистент болдым. Лапароскопиялық монитордың көмегімен 39 магнитті шарикті алып шықтық! Үш күн ішінде олар ішекті зақымдап, оның қабырғаларын тесіп, тоқ және аш ішекті жарақаттаған. Бұл операцияны қиындатты. Сондықтан ол бес сағатқа созылды. Сонымен қатар, осы жарақаттардың салдарынан перитонит дамыған. Ішектегі жаралар іріңдеп кеткен, – деді балалар хирургі Сәлімжан Жақыпов.
Қазір бала дәрігерлердің бақылауында.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?