380 мың теңге: Дубай шетелден қонақ шақырғандарға бонус бере бастады

380 мың теңге: Дубай шетелден қонақ шақырғандарға бонус бере бастады

Аян Қайырбаев
Фото: pixabay.com

Дубай әлемдегі ең танымал туристік бағыттардың бірі ретінде жаңа бастаманы қолға алды. Енді Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) тұрғындары мен азаматтары шетелдегі достары мен туыстарын Дубайға шақырса, арнайы сыйақыға ие болады.

Жаңа бағдарлама қалай аталады?

Бұл бастама Қазақстаннан келетін туристерге де қатысты. Алайда бағдарлама көптеген адам ойлағандай қолма-қол ақша төлемейді. Оның орнына қатысушылар қонақүйлерде, мейрамханаларда және туристік нысандарда пайдалануға болатын түрлі жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар алады.

Бастама A Dubai Invite деп аталады. Оны Дубайдың Экономика және туризм департаменті іске қосты. Бағдарламаның негізгі мақсаты – VFR-туризмді (Visiting Friends and Relatives) дамыту. Бұл – адамдардың демалыс үшін емес, достары мен туыстарына қонаққа баруын білдіретін туристік бағыт.

Әлемдік тәжірибеде VFR-туризм халықаралық туризмнің маңызды сегменттерінің бірі саналады. Себебі мұндай туристер қонақүйде тұрмаса да, көлікке, саудаға, ойын-сауыққа және қоғамдық тамақтану орындарына қаржы жұмсайды.

Фото: pixabay.com

Кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға 18 жастан асқан, жарамды Emirates ID құжаты бар және БАӘ азаматы немесе ресми резиденті қатыса алады. Олар арнайы онлайн-форма арқылы шетелден келетін достарының немесе туыстарының мәліметін сапар басталғанға дейін тіркеуі тиіс.

Қазақстан азаматтары да бағдарлама аясында шақырылатын қонақтардың қатарында бола алады. Бірақ бірнеше талап сақталуы қажет. Қонақ:

Дубайға әуе, теңіз немесе құрлық жолымен келуге рұқсат етіледі.

Фото: pixabay.com

Қандай сыйақы беріледі?

Бағдарламаға қатысушы әрбір талапқа сай келген қонақ үшін құны 3 мың дирхамнан асатын (шамамен 380 мың теңге) бонустар пакетін алады. Бұл ақша емес. Пакетке мыналар кіреді:

Бағдарлама серіктестері қатарында халықаралық қонақүй желілері мен Дубайдағы танымал туристік компаниялар бар.

Фото: pixabay.com

Бағдарлама қалай жұмыс істейді?

Шақырылған адам Дубайға келген соң оның елге кіргені мемлекеттік жүйелер арқылы автоматты түрде расталады. Қатысушыға 72 сағат ішінде электрондық пошта арқылы бонус алу жөнінде нұсқаулық жіберіледі. Бонустарды тарату 2026 жылдың тамызынан басталады.

Бағдарламада бірнеше маңызды талап белгіленген. Бір қатысушы бір өтінімде бес адамға дейін тіркей алады, бірақ бүкіл бағдарлама барысында ең көбі үш бонус пакетін ғана алады.

Сонымен қатар бір туристі бірнеше адам қатарынан тіркей алмайды. Егер оның деректері бұрын енгізілген болса, қайталанған өтінім қабылданбайды.

Маңызды жайт – бағдарлама туристің сапарын қаржыландырмайды. Яғни шақырылған адам әуе билетін, қонақүйді, көлік шығындарын, визаны және сақтандыру мен басқа да жол шығындарын өзі төлейді.

Сондай-ақ Дубай билігі виза берілмеген немесе елге кіруге рұқсат етілмеген жағдайда жауапкершілік алмайды.

Неліктен мұндай бағдарлама іске қосылды?

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі таңда көптеген ел туристер санын ғана емес, олардың сапарын ұзартуға және шығынын көбейтуге басымдық беріп отыр.

Туыстары мен достарына келген саяхатшылар көбіне ұзақ уақыт болады, жергілікті дүкендерде сауда жасап, қоғамдық көлік пен түрлі қызметтерді пайдаланады. Сондықтан мұндай туристер ел экономикасына айтарлықтай үлес қосады.

Дубай осы сегментті дамыту арқылы туристік ағынды тұрақты ұстап, қызмет көрсету саласының табысын арттыруды көздеп отыр.

Фото: pixabay.com

Қазақстандықтар үшін бұл нені білдіреді?

Егер Қазақстан азаматының Дубайда тұратын туысы немесе досы болса, ол жаңа бағдарлама арқылы шақырту рәсімдеп, өзі түрлі жеңілдіктерге ие бола алады.

Ал Қазақстаннан баратын туристер бұрынғыдай өз сапарының барлық шығынын өздері өтейді. Сондықтан бұл бағдарлама туристерге тікелей ақша төлеуді емес, Дубай тұрғындарын шетелден қонақ шақыруға ынталандыруды мақсат етеді.

A Dubai Invite бағдарламасы – туризмді дамытудың дәстүрлі емес тәсілдерінің бірі. Оның көмегімен Дубай халықаралық туристердің жаңа легін тартуды ғана емес, қаладағы тұрғындардың да туризмді дамытуға атсалысуын көздейді.

Егер жоба күткендей нәтиже берсе, алдағы жылдары осындай тәжірибені басқа туристік мемлекеттер де енгізуі әбден мүмкін.

Оқи отырыңыз

{