7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Апелляциялық сот шешімі Ұлыбритания тұрғыны Питер Салливанға қатысты ел тарихындағы ең ұзаққа созылған сот қателігіне нүкте қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Sky News ақпаратына сәйкес, Питер Салливан 1986 жылы 21 жастағы Дайан Синдалды өлтірді деп айыпталып, 38 жылын түрмеде өткізді. Сол кезде белгісіз біреу бойжеткенді соққыға жығып, зорлап, кейін Мерсисайд графтығындағы Биркенхед қаласындағы тар көшеге тастап кеткен.
Салливан өзінің кінәсіз екенін талай рет айтып, алғаш рет үкімге 2016 жылы шағымданбақ болған, алайда Қылмыстық істерді қайта қарау жөніндегі комиссия (CCRC) істі қарауға жібермей, 2019 жылы апелляциядан жеңіліп қалған. Екі жылдан кейін ол CCRC-ге қайта жүгініп, істі қайта қарауды сұраған.
Комиссия тағайындаған жаңа сараптамалар 1986 жылы алынған үлгілерде Салливанның ДНҚ-сы жоқ екенін көрсетті.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?