12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШри-Ланканың Орталық провинциясында орын алған жол апатында 37 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Аладения ауылында болған. Полиция мәліметінше, зардап шеккендердің қатарында 15 жасқа дейінгі тоғыз бала бар. Барлық жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Алдын ала тергеу нәтижелері бойынша, апатқа автобустың тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін.
Айта кету керек, Шри-Ланкада жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Бұған дейін, жексенбі күні Орталық провинцияның Котмале ауданында автобус жардан құлап, 20-дан астам адам қаза тауып, ондаған адам түрлі жарақат алған болатын.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер