Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіРесейдің Пермь қаласында қоқыс жәшігінің жанынан чемоданға салынған баланың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пышақ жарақаттары бар 9 жастағы баланың мәйітін үйсіз адам тауып алып, полицияға хабарлаған. Құқық қорғау органдары «жас баланы өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Марқұмның жеке басы анықталған кезде тергеушілер анасымен тілдеспек болғанда, әйел қашып кеткен. Көп өтпей қаладағы ғимараттардың бірінде жасырынған 34 жастағы әйел ұсталды.
Баланың денесі салынған чемоданды қоқыс жәшігінің жанына әкеліп қойып жатқан әйелді бейнебақылау камералары түсіріп алған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады