22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып Әлішер Сатыбалдиев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Әлішер Сатыбалдиев 1990 жылы 19 ақпанда Алматыда дүниеге келген. «Тұран» университетін, Халықаралық бизнес университетін (UIB), Maxwell School of Citizenship and Public Affairs (Executive Certificate of advanced study), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Алматы қаласының «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» КММ бас маманы, кейін бөлім басшысы қызметінен бастады.
2016-2017 жылдары бизнес құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды.
2017-2019 жылдары «Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019-2021 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болды. 2021 жылы «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, басқарма төрағасы аппаратының басшысы болып еңбек етті. 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Алматы индустриалды аймағы» ЖШС Бас директоры, Басқарма төрағасы болып жұмыс істеген.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев