Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыҰлытау облысының арнайы прокурорлары «Kaef Mafia» Telegram-дүкенінің қызметін талдау нәтижелері бойынша Республиканың аумағында синтетикалық есірткі заттарын байланыссыз тәсілмен өткізуді жүзеге асырған оның ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Прокуратура мәліметінше, қылмыстық схема «байланыссыз байланыс» қағидаты бойынша ұйымдастырылып, «дропперлердің» банктік карталары арқылы жүзеге асырылған.
Тергеу барысында есірткі заттарына төлем қабылдау үшін қолданылған 200-ден астам «дропперлік» карта, сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестірген 4 Ресей мен Украина азаматтары анықталды. Күдіктілердің үшеуі қамауға алынып, төртеуіне іздеу жарияланды. Олардың қатарында қаражатты шетелге криптовалютаға шығарып отырған тұлға да бар, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта екі «есірткіні жасырын қойып таратушыға» қатысты тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, заңсыз есірткі айналымынан түскен 3,2 млрд теңге көлеміндегі активтер тәркіленіп, сот шешімімен мемлекет кірісіне өткізілді.
Қалған қатысушыларға қатысты тергеу жалғасуда.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады