Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікАқмола облысының солтүстік жартысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігі мен батысында күші 15-20 м/с құрайды.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр болжанады. Облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің бағыты батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз шығыста екпіні 18 м/с құрайды.
Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр болжанады. Өңірдің оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз өңірдің орталығында күші 15-20 м/с артады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі.
Қостанай облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді