23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі төтенше жағдайдың жариялануына байланысты жергілікті тұрғындарға мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысында барлық күш-құралды жұмылдыру үшін, барлық қауіпке дайын болуымыз үшін облыста табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жарияладым. Бүгін-ертең келетін қауіп жоқ, сондықтан даурықпай, барлығымыз біріге отырып қауіпке дайын болуымыз керек, - деді өңір басшысы.
Облыс әкімінің айтуынша, соңғы 30 жылда су деңгейінің төмендігіне байланысты дамбалар бекітілмей, кейбірі тіпті алынып тасталған.
Шыны керек, 1994 жылғы су тасқынынан соң біз әбден босаңсып кеттік. 30 жылда су деңгейінің төмен болғанына үйреніп қалыппыз. Ұзақ уақыт бойы тереңдету жұмыстары жүргізілмеген, бөгеттер нығайтылмаған, кейбір жерлерде олар мүлдем алынып тасталған, су қорғау аймағындағы жер телімдері ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін берілген, арналар тазартылмады. Бұл жұмыстың барлығын өңірге тездетіп атқаруымыз керек, - деді Шәпкенов брифинг барысында.
Облыс басшысы өмірге қауіп төнген жағдайда алдын ала хабарланатынын айтты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік