23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Түркістан облысы Шардара ауданында ағын су жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданына іссапарында Көксу ауылдық округінің шаруаларымен кездесті. Әкім 10-ға жуық ауыл орналасқан бұл аумақтағы коммуналдық меншіктегі қашыртқыларды механикалық тазалау жұмыстарын қадағалады. Бұл каналда 30 жылдан астам уақыттан бері алғаш реш тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінде ауданда қашыртыларды механикалық тазалаудан бөлек, каналдарды күрделі жөндеуден өткізу, тік дренаждарды қайта құрылымдау жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Оған облыстық бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.
Шардарадағы аталған ауылда 235 шақырым қашыртқыны тазалау жоспарланған. 2024 жылға ұзындығы 63 шақырым болатын 11 канал күрделі жөндеуден өтеді. Ұзындығы 488 шақырым су арналары механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Шардара ауданында 959 шақырым су арналарын механикалық тазалау жоспарланған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік