30 вокзал толық жаңғыртылды: жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?

30 вокзал толық жаңғыртылды: жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Асқар Таудай
Фото: Depositphotos.сom

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарындағы теміржол вокзалдарын жаңғырту бойынша ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған ауқымды бағдарлама аясында елдегі 124 теміржол вокзалын кезең-кезеңімен қайта жаңғырту көзделген. Соның алғашқы нәтижесі ретінде республика бойынша 30 теміржол вокзалы толық реконструкциядан өтіп, пайдалануға берілді.

Бұл жұмыстар жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, вокзалдардың қауіпсіздігін күшейтуге және өңірлердің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Елдегі ең ауқымды жаңғырту бағдарламасы

Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, Қазақстанда алғаш рет барлық өңірді қамтитын кең көлемді теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 124 вокзал күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар вокзал маңындағы алаңдарды абаттандыру жұмыстарын қатар жүргізуде.

Министрдің мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстары бірнеше кезеңмен жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда ондаған нысанда жөндеу толық аяқталса, қалған вокзалдарда құрылыс қарқынды жалғасуда.

Қандай жұмыстар атқарылды?

Жаңғырту барысында вокзал ғимараттары ғана емес, жолаушылар платформалары, инженерлік жүйелер және вокзал маңындағы аумақтар да толық жаңартылды.

Реконструкция кезінде:

Құрылыс барысында негізінен отандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланылды.

Ерекше назар – қолжетімді ортаға

Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – барлық санаттағы жолаушыларға қолайлы жағдай жасау болды.

Жаңартылған вокзалдарда:

Сонымен бірге жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастыру үшін ішкі жоспарлау толық қайта жасалды.

Қай өңірлердегі вокзалдар пайдалануға берілді?

Бүгінгі таңда жаңғыртудан өткен алғашқы 30 вокзал еліміздің бірнеше өңірінде пайдалануға берілді.

Абай облысы

Екі теміржол вокзалы жаңартылды:

Ақмола облысы

Өңірде төрт вокзал пайдалануға берілді:

Кейінгі кезеңде Аршалы мен Сарыоба станцияларындағы вокзалдардың реконструкциясы да аяқталып, пайдалануға берілді.

Көлік министрлігі

Атырау облысы

Жаңартылған вокзалдар:

Батыс Қазақстан облысы

Үш нысан жаңғыртылды:

Өңірде Орал вокзалын жаңарту жұмыстары да аяқталуға жақын.

БҚО әкімдігі

Қарағанды облысы

Жаңғыртылған нысандар:

Қостанай облысы

Пайдалануға берілген вокзалдар:

Қызылорда облысы

Жаңғыртылған нысандар:

Алматы облысы

Пайдалануға берілді:

Сонымен қатар Жетісу станциясының вокзалы да толық реконструкцияланып, заманауи үлгіде қайта ашылды.

Жетісу облысы

Өңірде Талдықорған теміржол вокзалы жаңартылды.

Көлік министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы

Жаңғыртылған вокзалдар:

Шығыс Қазақстан облысы

Пайдалануға берілген вокзалдар:

Павлодар облысы

Бозшакөл станциясының жолаушылар платформасы жаңартылды.

Жетісу станциясының жаңа келбеті

Алматы облысындағы Жетісу станциясының вокзалы – жаңғыртылған маңызды нысандардың бірі. 1959 жылы салынған ғимарат толық реконструкциядан өтті.

Қайта жаңарту нәтижесінде:

Станция арқылы Алматы, Алтынкөл, Сарыөзек және Қапшағай бағытындағы жолаушылар пойыздары қатынайды.

Неліктен жаңғырту қажет болды?

Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы теміржол вокзалдарының басым бөлігі өткен ғасырдың 1950-1970 жылдары салынған. Кейбір ғимараттардың пайдалануға берілгеніне 80-100 жылға жуық уақыт өткен.

Сарапшылардың бағалауынша, вокзалдардың шамамен 70 пайызы ондаған жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген. Сондықтан оларды қазіргі заман талаптарына сәйкестендіру қажеттілігі туындады.

Теміржол саласын кешенді жаңғырту жалғасуда

Вокзалдарды жөндеу бағдарламасы жолаушылар тасымалын жаңартумен қатар жүргізілуде. Соңғы жылдары республикада 650-ден астам жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды. Көлік министрлігі 2030 жылға дейін жолаушылар вагондары паркінің жаңару деңгейін 90 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен бірге халықаралық транзиттік әлеуетті күшейту мақсатында жаңа теміржол желілері салынып, логистикалық терминалдар дамытылып, Smart Rail цифрлық жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынған.

Теміржол вокзалдарын жаңғырту – Қазақстандағы көлік инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған ең ірі мемлекеттік жобалардың бірі. Алғашқы 30 вокзалдың пайдалануға берілуі өңірлердегі тұрғындардың сапалы әрі қауіпсіз теміржол қызметіне қолжетімділігін арттырып, ішкі туризмнің дамуына, өңіраралық байланыстың нығаюына және елдің транзиттік әлеуетінің өсуіне жаңа серпін береді.

Алдағы кезеңде жаңғырту бағдарламасы жалғасып, қалған вокзалдар да кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Бұл өз кезегінде Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын халықаралық стандарттарға жақындатып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз

{