Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемақысын айқындау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа түзетулерге сәйкес тозығы жеткен банкноттар қатарына келесілер жатады:
- бояғыш заттар төгілген;
- бөгде жазбалары бар, оның ішінде: ультракүлгін жарықты түсірген кезде көрінетін, арнайы химиялық ұнтақпен өңделген;
- машинамен оқылатын белгілерді көрсетпейтін;
- жыртылған, желімденген немесе желімденбеген бөліктері сөзсіз бір банкноттікі және бірге Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын құрайтын банкноттар;
- бұрышынан немесе шетінен өлшемінің 1%-нан астамын жоғалтқан, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын сақтап қалған;-түссіз жабысқақ лентамен желімденген жыртығы бар;
- банкноттағы тесіктердің болуы оны айналыстан шығару үшін тесілгенін білдіретін жағдайларды қоспағанда, диаметрі 3 және одан астам миллиметр болатын ойықтары, тесіктері және жыртықтары бар;
- банкнот бейнесі жойылуына әкеп соқтырған сырылу белгілері бар;
- от шалған және күйген, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын сақтап қалған;
- банкнот бейнесі мен ашықтығы төмендеуіне әкеп соқтырған, бет және сырт жақтары кірлеген банкноттар тозған банкноттар болып табылады. Кірлеу дегеніміз шаңның, кірдің, майдың және басқа да ластағыш заттардың болуы салдарынан беті қарайған банкноттардың жай-күйі;
- үлбіреген және қағаздың қаттылығы жойылған;
- банкноттарды сақтау және қауіпсіз тасымалдауға арналған құрылғыларда пайдаланылатын арнайы бояумен боялған.
Қаулы 2024 жылғы 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?