Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСиноптиктер 6-8 қаңтарда ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Болжамға сәйкес атлантикалық циклон және атмосфералық фронталь бөлімдер әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, оңтүстікте де жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын жауады. 7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауады. Сонымен қатар, республиканың солтүстік жартысында көктайғақ болып, боран соғады, ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температура күрт төмендейді. Мәселен, батыста және солтүстік-батыста түнгі уақыттарда 8-25 градус аязға дейін, солтүстікте 5-30 градус аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5 градус аяз - 7 градус жылы болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары