Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚытайдың China Eastern Airlines компаниясы Шанхайдан Буэнос-Айреске тікелей әуе қатынасына билет сата бастады. Бұл рейс әлемдегі ең ұзақ бағыт болмақ. Бір бағыттағы толық сапардың ұзақтығы 29 сағатқа дейін жетеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа әуе қатынасы 4 желтоқсаннан бастап Boeing 777-300ER ұшақтарымен аптасына екі рет орындалады. Бағыттың жалпы қашықтығы шамамен 20,1 мың шақырымды құрайды – бұл Жер шарының жартысына тең.
Тікелей рейске Оклендте (Жаңа Зеландия) екі сағаттық аялдама кіреді, бұл кезде жолаушылар ұшақтан шыға алады. The Independent мәліметінше, Аргентинаға бару 25,5 сағатқа, ал қайтар жолы 29 сағатқа созылады.
Компанияның айтуынша, Антарктидаға жақын оңтүстік бағытты таңдау жалпы уақытты шамамен 4 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл рейс тарихта алғаш рет бір-біріне географиялық тұрғыдан қарама-қарсы орналасқан қалаларды – Шанхай мен Буэнос-Айресті тікелей байланыстырады.
Қазір әлемдегі ең ұзақ қонбайтын әуе қатынасын Singapore Airlines атқарып отыр: Сингапурдан Нью-Йоркке дейінгі рейс шамамен 18 сағат 30 минутқа созылады. Ал China Eastern Airlines қонуды көздегенімен, жалпы сапар уақыты бойынша әлемдік рекорд орнатқалы отыр.
Бұған дейін 2025 жылы саяхаттауға арналған ТОП-10 қосымша туралы жазғанбыз.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?