15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары«Қазгидромет» РМК ел аумағында 29 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы тәулікте Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді: жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек ҚР оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.
Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.
Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.
Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Ақмола облысының шығысында жоғары өрт қаупі болады күтіледі, — деп жазды синоптиктер.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады