6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖыл басынан бері 28,9 мың азамат skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасында курстан өткені жөнінде сертификаттар алды. Оның ішінде 1,4 мыңға жуығы жұмыссыз азаматтар, деп El.kz ақпарат агенттігі.
Ақпаратқа сәйкес, платформаға 220,9 мың қазақстандық тіркелген.
"Оның 28,5 мыңы биыл тіркелді. Оқудан өткен 6,2 мың жұмыссыз азаматтың 1,1 мыңы Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының жастары. Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар әртүрлі бағыт бойынша 211 курс жариялады, оның 155-і – тегін. Курстардың ұзақтығы – 1 сағаттан 72 сағатқа дейін", - делінген хабарламада.
Онлайн платформадағы ең танымал курстар: "Сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіру", "Жылыжайда көкөніс өсіру технологиясы модулінің мақсаты, міндеті және мазмұны", "Құлпынай өсіру", "Сүтті ірі қара өсіру", "Персоналды басқару" және "Кассир".
skills.enbek.kz-те ақпараттық технологиялар, экология және еңбекті қорғау, туризм, бизнес, энергетика, маркетинг және менеджмент, білім беру және тәрбие салаларында түрлі кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны артып келеді.
Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқынын, оқыту тілін, материалды берудің ыңғайлы қағидатын өзі таңдайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі