Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекХалықаралық іздеуде жүрген қылмыскер жалған атпен Бельгияда 27 жыл бойы жасырынып келген. Ол Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы криминалдық полициясының мәліметінше, 63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Новосибирск қаласында отандасымызды ұрлап, өлтіру ісіне қатысқан. Сондай-ақ кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар талап етіп алдын ала сөз байласқан адамдар тобында болған.
Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатовтың сөзінше, тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жазалар тағайындалды.
Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды. Алматы қалалық Прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Қуатбек Науатов.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?