Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алжирлық Омар Бин Омран 27 жыл бойы көршісінің қорасында тұтқында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Elkhabar басылымына сілтеме жасап.
Ол 1997 жылы 17 жасында жоғалып кеткен. Сол күні сабаққа кетіп, қайта оралмапты. Жақындары Омранды бірнеше жыл іздегенмен, нәтиже болмаған. Сол жылдары Алжирде азаматтық соғыс болып жатқандықтан, жігіт мерт болды деп ойлапты.
Ал жасөспірімнің иті көршісінің үйіне жиі бара беріпті. Алайда, екі аптадан кейін жануар уланып өлген.
Полицейлер жоғалған адамды 12 мамырда тапты. Ол көршісінің қой қорасындағы жасырын жертөледе болған. Ол жердің кіреберісі шөппен жабылған. Көрші қамауға алынды.
Осы жылдар бойы Омран ешкімді көмекке шақырмаған, себебі тұтқындаған адамның сиқыршы екеніне сеніп, ол қарғайды деп ойлапты.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік