12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркістандық полицейлер тұрғынды тонап, ақшасы мен телефондарын тартып алған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келес аудандық ПБ-не брокер болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өзін түнде белгісіз біреулер ұрып-соғып, ішінде 360 мың теңге, 2000 АҚШ доллары және 57000 рубль, сондай-ақ Iphone екі телефоны болған барсеткасын тонап кеткенін хабарлады. Ұрылар 2,7 млн теңге шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 6 күдікті ұсталды. Олар Келес ауданы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілерден заттай дәлел ретінде екі ұялы телефон мен ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді.
Сонымен қатар күдіктілердің екеуі Келес ауданындағы кеден бекеті аймағында жұмыс істейтіні, олар жүк көліктерінің жүргізушілері мен брокерлерді бопсалаумен айналысқаны анықталды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер ПБ-ге жеткізілді. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы мен оқиғаның мән - жайы анықталып жатыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер